• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
QazTrade Солтүстік-Қазақстан облысының аймақтық экспорттық кеңесінің отырысын өткізді

Петропавл қаласында 80-нен астам экспортқа бағдарланған компаниялардың, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаевтың, облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің, ҚР СИМ «QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлының және KazakhExport компаниясының өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының экспорт көлемі 2020 жылы 244,9 млн. АҚШ долларын құрады. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Экспорттың негізгі көлемі Ресей, Өзбекстан, Қытай және Ауғанстан сияқты елдерге тиесілі.

Өңірдің үш компаниясы («Молпродукт» ЖШС, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «BIO Operations» ЖШС) Alibaba платформасында ұсынылған: олар халықаралық маркетплейстер арқылы қазақстандық экспортты ілгерілету бағдарламасы аясында «Алтын аккаунт» алды. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысынан экспорттық акселерация бағдарламасына 3 кәсіпорын («Молпродукт» ЖШС, «BIO Operations» ЖШС, «Радуга»ЖШС) қатысты.

«Өткен жылы өңірдің 16 экспорттаушы компаниясы экспорттық шығындардың бір бөлігін 807 млн теңгеге өтеу түрінде мемлекеттік қолдау алды. Ал, облыста экспортқа бағдарланған бірнеше ондаған кәсіпорын бар. Осыған ұқсас жағдайды біз басқа облыстарда да көріп отырмыз: көптеген кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауды қаламағаны үшін емес, оның бар екенін білмейтіндіктен ала алмайды», - деп түсіндірді «QazTrade» Бас директоры Азамат Асқарұлы.

Ол өңірдің экспорттаушы кәсіпорындарына экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шараларының барлық спектрін ұсынды. Олардың барлығы дерлік биылдан бастап QazTrade компаниясында шоғырланғанын хабарлады.

«QazTrade - Сауда және интеграция министрліктерінің шикізаттық емес өнім экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі уәкілетті операторы. Біздің міндетіміз - сыртқы нарықтарға бағдарланған кәсіпорындарды барынша қолдау», - деді Асқарұлы.

Ол QazTrade-тен экспорттаушылардың шығындарын өтеуді, сондай-ақ отандық өнімді өндірушілерді қолдаудың қаржылық емес шараларын алуға болатынын хабарлады: компанияның диагностикасы мен оның экспорттық мүмкіндіктерін бағалаудан бастап сапалы талдау мен консалтингтік қызметтерді ұсынуға дейін. Мысалы, «Экспорттық акселерация» бағдарламасы аясында тамақ өнеркәсібінің 35 компаниясы Қытай нарығына шығуға дайындалды. QazTrade қызметкерлері халықаралық сарапшылармен бірге бизнес өкілдерін Қытай нарығымен жұмыс істеудің «қыр-сырына» үйретіп қана қоймай, ҚХР-да қазақстандық өнімді сатып алушыларды табуға көмектесті.

Барлық бизнес-процестерді цифрландыру шеңберінде экспорттаушыларды қолдаудың барлық қызметтері биылғы жылдан бастап онлайн режимге көшірілді.

«Енді кәсіпкерлерге мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ, тек бірыңғай export.gov.kz портал-терезесін пайдалану жеткілікті. Егер сізде жедел сұрақтар туындаса-@exportgov телеграм-арнасы және @qaztradebot телеграм-бот сіздің қызметіңізге көмектеседі. Бот сізге мына тақырыптар бойынша ақпаратты жылдам табады: «Экспорттық акселерация» бағдарламасына қалай кіруге болады, шығындардың өтемін немесе басқа да қаржы қолдау шараларын алу туралы, басқа елдердің маркетплейстеріне немесе Мемлекеттік сатып алуларға қалай шығуға болады. Осы жерде сіз өтінішіңізді қалдыра аласыз немесе сұрақ қоя аласыз», - деп хабардар етті  Асқарұлы.

Облыс кәсіпкерлерінің кездесуі аясында көптеген сұрақтар қойылды. Бұдан басқа, оларды Сауда және интеграция министрлігінің ЕАЭО елдерінің нарықтарындағы біздің тауарларымызға кедергілерді жою жөніндегі жұмысы, Еуразиялық одақ пен Қазақстанның техникалық регламенттерін жаңарту, сондай-ақ контрафактіге және сапасыз импортқа қарсы күрес қызықтырды.

  • 15.03.2021
  • 204
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика