• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
А. Сапаров: Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау-ерекше бақылауда

Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген Президент тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске вице-министрлер, құрылымдық бөлімшелердің, комитеттердің және ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары қатысты.

«Мемлекет басшысы АӨК-ті сапалы жаңа деңгейге шығаруды тапсырды. Бұл жүйелі тәсілді, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді, жасанды интеллектіні енгізуді қажет етеді. Біз саланың тиімділігін, ашықтығын және үйлесімділігін барлық деңгейде қамтамасыз етуіміз керек. Басымдықтардың қатарында – мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді кеңейту және заманауи агрохабтар құру бар», – деді министр Айдарбек Сапаров.

Вице-министр Аманғали Бердалин мал шаруашылығы саласында агробизнесті қолдаудың кешенді жоспарын таныстырды.
Құжатта айналым қаражатын 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелеу, ІҚМ мен ҰМ асыл тұқымды мал сатып алуға ұзақ мерзімді қарыз беру, «Даму» қоры арқылы несиелерді 80%-ға дейін кепілдендіру және сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдауды күшейту шаралары қарастырылған.

Экспорттық әлеует пен ветеринариялық қауіпсіздікті арттыру үшін ветеринариялық нысандар салуға және зертханалық жабдық сатып алуға қаржы бөлінді. Қытай, Ресей, Түркияға экспорт шектеулері алынып тасталды. Биыл Иран мен Грузия нарықтары ашылды, ЕО-ға бал экспорттауға рұқсат берілді. Сондай-ақ аквашаруашылығы және жылқы еті өнімдерін ЕО-ға шығару мәселесі қаралуда, Жапония, Малайзия, Вьетнам, Сингапур, Пәкістан және басқа елдермен келіссөздер жүргізілуде. Өнімнің толық қадағалануын қамтамасыз ететін, Мемлекеттік кірістер комитетінің жүйелерімен интеграцияланған бірыңғай ветеринариялық цифрлық платформа әзірленуде.

Вице-министр Ермек Кенжеханұлы АӨК-ке инвестициялар тарту шаралары жөнінде баяндады.
2025 жылдың жеті айында салаға 710,6 млрд теңге инвестиция құйылып, жалпы сомасы 1 трлн теңгеге 5 келісім жасалды, 115,5 млрд теңгеге 81 жоба жүзеге асырылды.
2027 жылға дейін жалпы құны 3,4 трлн теңгеге бағаланған 711 жобадан тұратын Жол картасы дайындалды.

Ірі жобалардың қатарында: жылына 155 мың тонна қызанақ өндіретін жылыжай кешені («Alsera», $650 млн), жылына 5 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, 500 мың тонна қант өндіретін зауыт («QazaqArab Sugar», $580 млн), қуаттылығы 1 млн тонна жүгеріні терең өңдейтін өнеркәсіптік парк («Fufeng Group», $350 млн), сондай-ақ 240 мың тонна бидай мен 80 мың тонна бұршақты қайта өңдейтін кешен («Tiryaki Holding», $320 млн).

2025–2027 жылдарға арналған «АӨК-ке инвестицияларға тапсырыс» жобасы әзірленуде. Ол 1,2 трлн теңге көлемінде ұзақ мерзімді жеңілдетілген қаржыландыруды көздейді.

Вице-министр Ербол Тасжүреков аграрлық экспорт жоспарын таныстырды. Жоспарда экспорттық логистиканы дамыту, импорттаушы елдердің талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету, қазақстандық өнімдерді шетел нарықтарына ілгерілету және маркетингтік стратегияларды іске асыру көзделген. Экспорт географиясы кеңейіп, Марокко, Алжир, Вьетнам елдеріне шығару жоспарлануда. Экспорттаушыларға Сауда және интеграция министрлігі арқылы қолдау көрсетіледі.

Аграрлық ғылымды дамытуға да ерекше назар аударылуда.

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг негізінде бірыңғай цифрлық жер картасын жасау барысы туралы баяндады.
2022 жылдан бері 13,7 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, оның 6,2 млн га жергілікті атқарушы органдармен қайта бөлінді. Жер кодексіне конкурстарды электрондық форматқа көшіру туралы түзетулер әзірленді.
2025 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы 190 млн га жерді, 74 млн га топырақтық және 71 млн га геоботаникалық зерттеуді толық цифрландыру жоспарланған. Жаңа заманауи жер кадастры ақпараттық жүйесі іске қосылады.

«Әрқайсымыз Президент тапсырмаларын орындауда жеке әрі кәсіби жауапкершілік арқалаймыз. Ешбір бағыт бақылаусыз және жүйелі пысықтаусыз қалмауы тиіс», – деп түйіндеді министр.

  • 16.09.2025
  • 6
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика