• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Астанада Қаржылық мониторинг агенттігі мен Еуразиялық топтың (ЕАТ) қылмыстық кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Хатшылығы сарапшыларымен бірлесіп ұйымдастырған кірістерді жылыстату істерін тергеу, саралау және сотта қарау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов құттықтау сөзінде іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыстық кірістерді жылыстату істері бойынша бірізді құқықтық ұстаным қалыптастыру екенін атап өтті. Бұл ұстанымдар FATF (Қаржылық шараларды әзірлеу тобы) стандарттарына және үздік халықаралық тәжірибеге негізделіп, кейіннен ұлттық құқықтық жүйеге енгізілуі тиіс.

Семинарға елдің түкпір-түкпірінен 60-тан астам судья, прокурор және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Олардың қатарында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина, Бас прокуратураның бірінші қызметінің бастығы Елдос Сағиев және ЕҚЫҰ-ның экономика және экология жөніндегі аға кеңесшісі Нураддин Муршудлу болды. Басты баяндамашылар – ЕАТ Хатшылығының өкілдері Дмитрий Воробьёв пен Михаил Колинченко.

Семинар барысында бастапқы қылмыс (предикат) болмаған жағдайда КЖ істерін тергеу, «кәсіби жылыстатушылардың» қызметі, криптовалюта қолданылған схемалар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістер мен балама мүлікті тәркілеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар алған білімдері мен тәжірибе алмасу құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін арттыруға, қаржылық қылмыстарды тергеу тиімділігін күшейтуге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

  • 23.09.2025
  • 38
Элиманов Ж. Қ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Элиманов Ж. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика