- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қаржылық мониторинг агенттігі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының қаржы қызметтерін реттеу комитетімен бірлесіп, ұлттық қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы жүйені нығайту мәселелеріне арналған Комплаенс кеңесінің кезекті отырысын өткізді
Кеңесте АХҚО инфрақұрылымын қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату мақсатында пайдалану тәуекелдері, сондай-ақ осындай қауіптердің алдын алуға бағытталған шаралар негізгі талқылау нысаны болды.
Сонымен қатар, ФАТФ-тың 15-ұсынымы бойынша рейтингті арттыруға бағытталған басым шараларды іске асыруға ерекше назар аудара отырып, прогресс туралы есепті дайындау жөнінде ұсыныстар әзірленді. Аталған ұсыным жаңа технологиялар мен цифрлық активтерге қатысты мәселелерді қамтиды.
Клиенттерді тексеру және бенефициарлық меншік иелерін анықтау рәсімдерінің сапасын арттыруды қоса алғанда, ішкі мониторинг механизмдерін жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша қаржы алаңын қылмыстық мақсаттарда пайдалануға жол бермеу үшін Агенттік пен АХҚО арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін нығайту жөнінде шешім қабылданды.
- 26.09.2025
- 34