• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада астық пен бұршақ дақылдарын терең өңдейтін агроөнеркәсіптік кешеннің құрылысы басталды

Кешенді Kazakh Protein компаниясы жүзеге асыруда. Ол түркиялық Tiryaki Agro Holding холдингі, қазақстандық «Қазақстанның Астық консорциумы» ЖШС және «ADOtex» ЖШС серіктестігінде құрылған. Бұл жоба елдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді және Қазақстанның инновациялық технологияларға, экологиялық тұрақтылыққа және халықаралық әріптестікке негізделген қосылған құн тізбегін қалыптастыру жөніндегі стратегиялық бағытын толықтай айқындайды.

Жобаның инвестиция көлемі 320 млн АҚШ долларын құрайды.

Капсула салу рәсіміні Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, іскер топтар өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және жұртшылықтың қатысуымен өтті.

Министр жобаның ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі мен аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті:

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің маңыздылығына, оған отандық әрі шетелдік инвесторларды тарту қажеттігіне ерекше назар аударған болатын. Бүгін біз осы саладағы ең ірі жобалардың бірін іске қосып отырмыз. Бұл жоба жыл сайын 250 мың тонна астық пен 80 мың тонна бұршақ дақылдарын қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде қосымша экспорттық мүмкіндіктер ашылып, жоғары табысты өнімдер өндіріледі әрі Қазақстанның аграрлық дербестігіне қарай маңызды қадам жасалады. Бұл кешен халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналатынына және Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін ашатынына сенемін», – деді Айдарбек Сапаров.

Tiryaki Agro Holding директорлар кеңесінің төрағасы Сүлеймен Тирьякиоғлу да сөз алып, кешен құрылысының басталуы тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік аграрлық индустрия үшін де маңызды үлес екенін атап өтті:

«Біздің мақсатымыз – жаһандық нарықта сұранысқа ие, құны жоғары өнім шығаратын жоғары технологиялық өндіріс құру. Біз осы бастаманың бір бөлігі болғанымызға және қазақстандық серіктестермен тығыз әріптестікте жұмыс істеп жатқанымызға мақтанамыз», – деді ол.

Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады: 2027 жыл – жылдық қуаттылығы 250 мың тонна болатын бидайды терең өңдеу желісін іске қосу;      2028 жыл – жылдық қуаттылығы 80 мың тонна болатын бұршақ дақылдарын өңдеу желісін пайдалануға беру.

Нәтижесінде кешен глютен, крахмал, лизин, өсімдік протеин изоляттары, құрамажем және басқа да жоғары қосылған құнды ингредиенттердің кең ауқымын өндіреді. Өнім ішкі нарыққа да жеткізіліп, ТМД елдеріне, Еуропалық одаққа, Солтүстік Америкаға және Оңтүстік-Шығыс Азияға экспортталатын болады.

Бұл жоба елдің агроөнеркәсіптік кешенінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды бастамалардың қатарын толықтырады. Олардың ішінде: Түркістан облысында «КазКрахмал» компаниясының жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдейтін зауыт құрылысы, Жамбыл облысында Fufeng Group компаниясының 1 млн тонна жүгеріні қайта өңдеуді көздейтін жобасы бар.

  • 07.10.2025
  • 27
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика