• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров Алматы облысындағы аграрлық сала өкілдерімен кездесті

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға шаруа қожалықтарының, қайта өңдеу кәсіпорындарының, салалық қауымдастықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенге ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндетін қойғанын айта келіп, осыған байланысты аграрлық сектордың тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және экспорттық әлеуетті кеңейтуге ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – Президент жүктеген міндеттерді өуақытында сапалы жүзеге асырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық сала үшін қолайлы жағдай жасау. Осы бағытта жеңілдетілген несиелеуді дамытып, қосылған құны жоғары өнімдерді өңдеуді ынталандырып жатырмыз. Алматы облысы – елдің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі, дегенмен оның әлеуеті толық жүзеге асырылып отырған жоқ, бірақ барлық мүмкіндік бар», – деп атап өтті министр.Сонымен қатар, соңғы 10 жылда көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемі 70 млрдтан 700 млрд теңгеге дейін артқанына назар аударды.
Биылғы жылы 8 мың ауыл шаруашылығын өндірушілерге жалпы сомасы 502 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Оның ішінде Алматы облысының 320 шаруашылығы 14,4 млрд теңгеге қол жеткізді.

Әсіресе, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға, қайта өңдеуді дамытуға және мал шаруашылығын қолдаудың жаңа тетіктерін ернізуге айрықша көңіл бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауылшаруашылығы министрлігі саланы дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуде. Ол жеңілдетілген несиелеуді арттыруды және ауыл еңбеккерлеріне әлеуметтік шараларды қамтиды.

Кездесу барысында сала өкілдері субсидиялау, жеңілдетілген дизель отынын бөлу, мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөнінде бірқатар мәселелерді ортаға салды. Министр барлық ұсыныстар назарға алынып, жұмыс барысында ескерілетінін баса айтты.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, осындай сындарлы әрі мазмұнды кездесулер фермерлердің сұраныстарына жедел әрекет етуге жол ашып қана қоймай, ел экономикасының негізі саналатын ауыл шаруашылығын серпінді дамытуға ықпал етеді.

Осы күні министр азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

  • 07.10.2025
  • 4
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика