- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 250-ДЕН АСА ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ
Қабылдау барысында қала әкімі басқарма басшыларымен, аудан әкімдерімен бірге 250-ден астам тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Азаматтар білім беру, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй және жер қатынастары, инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты мәселелерді көтерді.
Әрбір өтініш жіті қарастырылып, қосымша уақытты қажет ететін күрделі мәселелер бақылауға алынды. Жауаптыларға азаматтардың талап-тілектері мен ұсыныстары бойынша заң шеңберінде шешім қабылдау тапсырылды.
Айта кетейік, азаматтарды қабылдау халықпен кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді оңтайлы шешуге септігін тигізеді, ал тиімді ұсыныстар қаланы дамыту жоспарына енгізіледі.
- 09.10.2025
- 17