- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінде Ұлыбританияның елшісі Салли Аксуорси ханыммен кездесу өтті
Келіссөздер барысында тараптар кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы алдағы ынтымақтастықты талқылады.
Кездесу аясында Ұлыбританияның Ұлттық қылмыспен күрес агенттігімен және Қаржылық реттеу және қадағалау басқармасымен практикалық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды.
Тараптар, сонымен қатар, цифрлық активтерге қатысты мәселелерді қоса алғанда, тұрақты ақпарат алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық қылмыстарды тергеу тиімділігін арттыру және халықаралық әріптестік аясында қаржылық қауіпсіздікті нығайту мақсатында тәжірибе алмасу мен бірлескен күш-жігерді үйлестіру туралы келісімге қол жеткізілді.
- 09.10.2025
- 17