- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Күн тәртібінде биылғы тоғыз айда мемлекет кірісіне өндіру бағытында сот орындаушыларының атқарған жұмыстарының қорытындысы, қаладағы эпидемиологиялық ахуал және көгалдандыру ісінің барысы қаралды.
Қалалық әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекованың айтуынша, жыл басынан бері Шымкентте сот орындаушыларының өндірісінде мемлекет пайдасына өндіру туралы 187 мыңнан астам атқару құжаты болған. Оның 70 мыңнан астамы аяқталған, ал нақты орындалғандарының үлесі 69,7 пайызды құрайды. Бұл санат бойынша өндірілген қаражат көлемі 2,3 миллиард теңге.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Талғат Сермаңизовтың мәліметінше, қалада санитариялық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты. 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жұқпалы аурулардың өршуі тіркелмеген. Қаланың барлық аймағында профилактикалық және дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлық шаралар тұрғындардың денсаулығын қорғауға және аурудың алдын алуға бағытталған.
- 14.10.2025
- 8