- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Берн қаласында (Швейцария Конфедерациясы) әлемнің 90-нан астам елінен қаржылық барлау бөлімшелері (ҚББ) басшыларының қатысуымен «Болашаққа оралу» атты Жаһандық конференция өтті
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің делегациясы қатысты.
Конференция барысында қатысушылар қаржылық барлау саласындағы өзекті үрдістер мен сын-қатерлерді талқылады. Атап айтқанда, аналитикалық жұмыстарда жасанды интеллект, машиналық оқыту және цифрлық құралдарды қолдану мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ әртүрлі елдердің қаржылық барлау бөлімшелері арасындағы ақпарат алмасу тиімділігін арттыру және ақшаны жылыстатуға әрі терроризмді қаржыландыруға қарсы күреске бағытталған бірлескен тергеулерді жүргізу мәселелері жеке қарастырылды.
Бұдан бөлек, қазақстандық делегация шетелдік қаржылық барлау басшыларымен бірнеше екіжақты кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында қаржылық ақпаратпен алмасу перспективалары, заманауи аналитикалық құралдарды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
- 15.10.2025
- 6