- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы МҚҰ секторының дамуы туралы
2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы МҚҰ секторының дамуы туралы
Микроқаржы ұйымдарының секторы жеке тұлғалардың, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі кредиторларының бірі болып қала отырып, орнықты даму серпінін көрсетуін жалғастыруда. Сектордың өсуі микрокредиттер беру кезінде жаңа технологияларды пайдалану және географиялық және салалық әртараптандыру есебінен қамтамасыз етіледі.
Микроқаржыландыру нарығы өзінің келбетін біртіндеп өзгертуде: дәстүрлі кеңседегі сатылымдар қашықтан қызмет көрсету арналарына жол беріп, екінші орынға шыға бастады. Осылайша, микроқаржы секторын цифрландыру үрдіс болып қана қоймай, бәсекелестік артықшылықтың факторына айналуда.
Бұл ретте цифрландырудың кері жағы да бар. АТ-шешімдерін белсенді енгізу алаяқтық операциялардың өсуімен қатар жүреді.
Мұндай қатерлер реттеушінің уақтылы ден қоюды талап етеді. Бақылау мен қадағалауды күшейту, оның ішінде нормативтік базаны жетілдіру арқылы күшейту сектордың ашықтығын арттырып қана қоймай, жаңа стандарттарға бейімделе алмаған жосықсыз қатысушыларды нарықтан шығаруға мүмкіндік берді.
Мәселен, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 212 микроқаржы ұйымы (МҚҰ) бар. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 6 субъектінің лицензиясы тоқтатылып, 13 субъектің лицензиясы кері қайтарып алынды.
Сонымен қатар, өзінің дәйекті дамуының арқасында екі МҚҰ сәтті трансформацияланып, банктік лицензияларын алды, бұл МҚҰ секторының жетілгендігі мен орнықты дамуының дәлелі болып табылады.
- 17.10.2025
- 9