• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды телефон және интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырады

Алаяқтар Агенттік атынан хабарласып, өздерін "заңгер" немесе "тексеруші маман" ретінде таныстырады, "сіздің ұйымға қатысты тексеру басталды" деген мазмұндағы жалған хабарламалар таратып жүр.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

Агенттік мұндай хаттар жібермейді және телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды.

Біз шот нөмірлерін, SMS-кодтар мен құжаттарға қатысты құпия ақпаратты талап етпейміз.

Алаяқтық схема қалай жүзеге асады:

Алаяқтар ҚМА мен ҰҚК атынан жалған хаттар таратып, "қызметкерге мінездеме" немесе басқа ақпарат беруді сұрайды.

Сонымен қатар, WhatsApp арқылы сол ұйымның басшысы мен есепшісінің атынан жазып, олардың нақты фотосуреттері мен есімдерін пайдаланады. Бұл сенім тудырып, адастыруға себеп болады.

Хабарламалар кейде мемлекеттік тілде жазылады.

Кейін "заңгер" ретінде біреу хабарласып, "құпия ақпарат" екенін айтып, бұл туралы туыстарыңызға, балаларыңызға, тіпті құқық қорғау органдарына айтуға тыйым салады. Қысым көрсету тәсілі қолданылады: бір мезетте қоңыраулар мен хабарламалар келіп, жеделдік пен қауіп сезімін тудырады, адам ойланып үлгермей әрекет етуге мәжбүр болады.

Жәбірленушіге банкке дереу бару және көрсетілген нұсқауларды орындау қажет делінеді.

Салдарынан азаматтар өз жинақтарын шешіп, алаяқтарға жіберіп қояды.

Мұндай қоңыраулар көбіне психологиялық қысымға оңай түсіп, алдануға бейім келетін зейнет жасындағы адамдарға бағытталатынын ескеру қажет.

Егер сіз алаяқтардың нысанасына айналсаңыз:

Сабыр сақтап, әңгімені бірден үзіңіз.

Сілтемелерге өтпеңіз, тіркемелерді ашпаңыз.

Ешкімге ақша аудармаңыз.

Жұмыс орныңыздағы бухгалтерия немесе заң бөлімімен байланысып, расында осындай хат келген-келмегенін нақтылаңыз.

Алаяқтар сіздің ақпаратты тексермейтініңізге сенеді.

Әріптестеріңіз бен басшылықты қызметкерлер туралы деректердің таралу қаупі жөнінде ескертіңіз.

Хабарласқан нөмірді сақтап, ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Бұл ақпаратты туыстарыңызға, достарыңызға және әріптестеріңізге жеткізіңіз.

Тек бірігіп әрекет еткенде ғана алаяқтарға тосқауыл қойып, әр азаматтың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

  • 17.10.2025
  • 30
Элиманов Ж. Қ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Элиманов Ж. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика