• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров: Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өңірлерде жүйелі әрі жауапты жұмысты талап етеді

Жыл басынан бері Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 807 млрд теңге инвестиция тартылды. Алайда, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, өңірлерде бұл бағытта әлі де белсенді жұмыс атқару керек.

Ол туралы министр облыс әкімдерінің орынбасарлары, өңірлер мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, аумақтық инспекциялар және ведомстволық ұйымдар, жиыны 200-ден астам өкіл қатысқан инвестиция тартудың қорытындылары мен жоспарлары турасындағы алқа отырысында мәлімдеді. 

Вице-министр Ермек Кенжеханұлының айтуынша, осы жылдың 8 айында 807 млрд теңге инвестиция игерілді. Оның ішінде ауыл және балық шаруашылығына – 591 млрд теңге, азық-түлік өнімдері өндірісіне – 134 млрд теңге, сусындар өндірісіне – 82,1 млрд теңге бағытталған.

Бірқатар өңірлер жоспарды артығымен орындады: Атап айтқанда, Шымкент қаласы – 146%, Солтүстік Қазақстан облысы – 133%, Ақмола облысы – 111%, Алматы қаласы – 106%, Алматы облысы – 105%, Павлодар облысы – 102% қамтыды.

Ал,  Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу облыстарында белсенділіктің төмендігі байқалады.

Биылғы жылға арналған Жол картасы нақтыланғаннан кейін инвестициялық жобалардың саны 274-ке дейін қысқартылды,  барлығы 559,7 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 96 жоба жүзеге асырылды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 202 инвестициялық жоба жиынтығы әзірленді. Оның жалпы құны – 4,2 трлн теңге.

Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында 17 өңір мен Астана және Шымкент қалаларында 141 жобаны жүзеге асыруға 200 млрд теңге бөлінбек. Бүгінде 45 жоба бойынша жұмыс басталды, оның 24-і, яғни, 32,5 млрд теңге игерілді. Алайда Қостанай, Алматы және Жетісу облыстарында қарқын төмен.

Осы ретте Айдарбек Сапаров қазіргі инвестициялық жоспардың орындалу деңгейі мардымсыз екенін атап өтті:

«Агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту – тек қаржыландырумен байланысты болмауға тиіс. Сонымен бірге, бұл -  аймақтардың ауыл шаруашылығын өркендетуге деген жауапкершіліктерін де көрсетеді. Біз жүйелі әрі ашық жұмыс жүргізіп, жобаларды сапалы іріктеуді және уақытылы жүзеге асыруды қамтамасыз етуіміз қажет. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуеті тікелей осы жұмыстардың тиімділігі мен нәтижесіне байланысты», – деді министр.

Отырыс қорытындысында көрсеткіштері төмен өңірлерге қысқа мерзімде жаңартылған жоспарлар мен шараларды ұсыну, инвестиция тарту жұмысын жандандыру, сапалы жоба жиынтығын қалыптастыру және олардың орындалуына бақылауды күшейту тапсырылды.

«Жұмыс нәтижеге бағытталуы керек, министрлік пен өңірлер арасында нақты үйлесімді іс-қимыл жолға қойылып, жобаларды жүзеге асыру кезінде ашықтық қамтамасыз етілуі керек», – деді министр.

  • 20.10.2025
  • 19
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика