• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров: Аграрлық сала өкілдеріне мемлекеттік қолдау нақты нәтиже беруде

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Павлодар облысының тұрғындарымен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді.
Кездесуге облыс әкімі Асайын Байханов та қатысты.

Іс-шара барысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мәселелері талқыланды.

«Біз сіздермен егін жинау науқанының қызған шағында кездесіп отырмыз. Бұл – аралық қорытындылар шығарып, далада маңдай терін төгіп жүргендердің шынайы пікірін еститін үлкен мүмкіндік.
Алдымызда Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау міндеті тұр. Осындай кездесулер нақты жағдайға сүйене отырып шешім қабылдауға жол ашады», – деді министр.

Биыл отандық фермерлер алғаш рет көлемі 1 трлн теңге болатын жеңілдетілген қаржыға қол жеткізді. Бұл – бұған дейінгі көрсеткіштен он есе артық.
Ал 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды.

Жыл басынан бері «Даму» қоры 230 млрд теңге сомасында 1300 кепілдеме беріп, несие сомасының 85%-на дейінгі кепілдік ұсынды. Бұл шаруашылықтардың тұрақты дамуына және кепіл мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

«Бүгінде басты міндет – тек қаражат бөлу емес, оның мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Біз жеңілдетілген несиелендірудің нақты нәтиже беріп отырғанын көріп отырмыз – шаруалар техникасын жаңартып, заманауи технологияларды енгізіп, өндірісті кеңейтуде», – деді Айдарбек Сапаров.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесі нақты көрсеткіштермен дәлелденуде: минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемі үш есеге өсіп, 1,8 млн тоннаға жетті; элиталық тұқым үлесі 7,1%-дан 11,2%-ға артты; ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу көлемі 250 млрд теңгеге жетіп, машина-трактор паркіндегі тозу деңгейі 80%-дан 70%-ға төмендеді.

Ағымдағы маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша 13,4 млн тонна астық экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47%-ға көп, әрі соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып саналады. Қазіргі таңда қазақстандық өнім 45 елге экспортталып отыр.

Министр мал шаруашылығын дамыту мәселесіне де ерекше тоқталды.
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі заманауи сүт фермаларын салу бағдарламасының тиімділігін көрсетті.
Қазіргі уақытта елде 69 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істеп тұр, тағы 47 нысанның құрылысы жүргізілуде. Олар іске қосылғаннан кейін сүт өндірісі жылына 600 мың тоннаға артып, импортқа тәуелділік едәуір азаяды.

Мал шаруашылығын қолдау мақсатында 50 млрд теңге көлемінде айналым қаражатын жылдық 5% мөлшерлемемен несиелендіру бағдарламасы іске асырылуда.
Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама әзірленіп жатыр, ол кредиттік өнімдер желісін кеңейтуді көздейді.

Өңдеу саласында 2025 жылы 44 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несиелендіру қарастырылған, оның ішінде 62 жобаға 23,9 млрд теңге бөлінді.

Жедел деректерге сәйкес, елімізде 13,3 млн гектар дәнді дақыл орылып (83%), орташа өнімділік 15,5 ц/га деңгейінде 20,8 млн тонна астық бастырылды.
Павлодар облысы бойынша 809 мың тонна астық, 834 мың тонна картоп, 217 мың тонна көкөніс жиналды.

«Павлодар облысы жақсы нәтижелер көрсетіп отыр – бұл жүйелі тәсілдің, технологиялық жаңарудың және фермерлердің мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуының нәтижесі. Қабылданып жатқан барлық шаралар аграрлық сектордың әлеуетін нығайтып, оның ел экономикасына қосқан үлесін арттыруға бағытталған», – деді Айдарбек Сапаров.

Кездесу барысында өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері субсидиялау, жылыжай шаруашылығын дамыту, суару жүйелерін жетілдіру және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша сұрақтар қойды.
Министр барлық ұсыныстар мен бастамалардың алдағы бағдарламалық құжаттарда ескерілетінін және жұмысқа алынатынын атап өтті.

Кездесуден кейін Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

  • 20.10.2025
  • 22
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика