• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров Абай облысындағы ауыл шаруашылығы жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров аймақтарды аралау кезінде Абай облысына барып, өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетекші кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Министр мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы жобалардың орындалу барысымен, сондай-ақ егін жинау жұмыстарының қарқынына назар аударды.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, аграрлық сектордағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты – өнімді терең өңдеу мен оның қосылған құнын арттыруға бағытталған. Осы бағытта Абай облысының белсенділігі жоғары екеніне куә болдық», – деді Айдарбек Сапаров.

Министр «ARAI-EAST FOOD» кәсіпорнына барды. Бұл кәсіпорын «Халал» стандарты бойынша шұжық және ет деликатестері өнімдерін өндіруге мамандандырылған.
Жылдық өндірістік қуаты – 1,8 мың тонна дайын өнім, сондай-ақ, 100-ден астам өнім түрлерін қамтиды.

Одан кейінгі нысан - «Eurasia Agro Semey» компаниясы да өңірдегі ірі жобалардың бірі – ет өңдеу зауытының құрылысын іске асыруда. Бұл жоба болашақта толық өндірістік циклді қамтитын ет кластерінің өзегіне айналмақ.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 7,7 млрд теңге, оның ішінде 4,5 млрд теңге Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тарату аясында бөлінбек. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталды, қазіргі таңда металл конструкцияларын орнату жұмыстарының 70%-ы аяқталып, қажетті жабдықтар мен материалдардың жеткізушілері анықталған.

Болашақ ет комбинаты тәулігіне 70 бас ірі қара және 700 бас ұсақ малды союға арналған заманауи желілермен жабдықталады. Сонымен қатар тәулігіне 17 тонна өнім өндіретін шұжық және консерві цехтары жұмыс істейтін болады. Жалпы өндірістік қуаттылығы жылына 11,4 мың тонна дайын өнімді қамтиды. Нысанды пайдалануға беру келесі жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

Сапар барысында министр «Приречное» агрофирмасына да барды. Бұл шаруашылық асыл тұқымды мал және өсімдік шаруашылықтарымен айналысады. Мұнда 2 900 бас ірі қара, 248 бас жылқы бар, сондай-ақ 1 860 гектар суармалы жер пайдаланылады.

Кәсіпорын базасында 14 мың тонна өнім сақтайтын көкөніс қоймасы жұмыс істейді. 2025–2026 жылдары инвестиция көлемі 4 млрд теңге болатын 10 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы жоспарланған.

Агрофирма асыл тұқымды мал зауыты және 1–3 репродукциялы картоп тұқымын өндіретін шаруашылық мәртебесіне ие. Мұнда Valley, Zimmatic және Reinke маркалы 28 суару жүйесі орнатылған.

Көкөніс алқаптарын аралау кезінде министр өндірістің ұйымдастырушылығы жоғары екенін және су ресурстарын тиімді пайдаланып отырғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының айрықша назарының, Үкіметтің жүйелі қолдауының және ауқымды инвестициялардың арқасында соңғы екі жылда аграрлық сала шынайы даму кезеңіне көтерілді. Ауыл шаруашылығында 35 жылдан бері еңбек етіп келемін, мұндай кешенді қолдауды алғаш рет көріп отырмын», — деді агрофирманың бас директоры Мұхит Тұмабаев.

Жүздесу соңында Айдарбек Сапаров Абай облысында жүзеге асырылып жатқан жобалардың елдің ауыл шаруашылығын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар екеніне тоқталды.

«Өңірдің мал шаруашылығы мен қайта өңдеу саласының әлеуеті зор. Бұл жобалар – жай ғана инвестициялар емес, бұл ауылдың дамуын, халықтың жұмыспен қамтылуын және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жаңа индустриялық база. Министрлік алдағы уақытта да фермерлерді қолдауды, бірлескен іс-қимылды және заманауи технологияларды енгізуді жалғастыратын болады », — деді министр.

  • 20.10.2025
  • 22
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика