- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ
Елімізде жыл сайын 19 қазанда кәсіби мереке – Құтқарушылар күні атап өтіледі. Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Атаулы күннің еліміздің азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылуы мен дамуы тарихындағы маңызы зор.
Мерекелік іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, азаматтық қорғаныс жүйесін нығайтуға елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлерін құттықтады. Салтанатты жиын барысында үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен арнайы көліктердің кілттерін табыс етті.
Еліміздің қауіпсіздігі мен азаматтардың игілігі жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз – ерлік пен Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі. Сіздер адамдарды құтқару жолында күн сайын өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, борыштарыңызды абыроймен атқарып келесіздер. Осынау мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін – деді Ғ.Сыздықбеков.
Қала әкімі, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған заманауи өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының көрмесін аралады.
- 20.10.2025
- 6