• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ТЕТІГІН ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ӘКК ҚЫЗМЕТІНДЕ ЖҮЙЕЛІ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы бағаны тұрақтандыру тетігін іске асыруға кешенді талдау жүргізді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға бағытталған бұл тетік тиімсіз пайдаланылып, адал бәсекелестік, тең қолжетімді ету және ашықтық қағидаттарының жүйелі түрде бұзылуына алып келген.

Бірқатар өңірлерде қарыз шарттарының талаптары орындалмаған және олар бірнеше рет санкциясыз ұзартылған жағдайлар анықталды. Мәселен, бір қарыз алушыға 489 млн теңге сомасында қарыз беріліп, ол бірнеше рет қайтарымсыз ұзартылған. Сондай-ақ 1,3 млрд теңгеден астам сомаға берілген қарыздардың да осылайша ұзартылғаны тіркелді. Кейбір шаруашылық субъектілеріне пайызсыз жеңілдетілген қарыздар берілген жағдайлар да анықталды, бұл өз кезегінде негізсіз артықшылықтар туғызған.

Сонымен қатар бюджет қаражатына сатып алынған өнім сауда желілеріне толық жеткізілмеген. Екі жыл ішінде сатып алынған көлемнің тек 19%-ы ғана іске асқан, ал 2021 жылдан бері алынған бірқатар өнім әлі күнге дейін сатылмаған.

Қаражатты тиімсіз пайдалану деректері де тіркелген. Мысалы, баға төмен болған кезеңде (қазан–сәуір) картоп сатып алуға 5,1 млрд теңге бөлінсе, тапшылық кезеңінде (мамыр–шілде) тұрақтандыру шаралары мүлде қолданылмаған. Сондай-ақ шарттарды орындау мерзімдері мен талаптарында айырмашылықтар болған, бұл тең қолжетімді ету қағидатын бұзады.

Агенттік жүргізген жұмыс нәтижесінде бір ӘКК-ге қатысты тергеп-тексеру аяқталып, оған 300 АЕК (1,18 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар өзге ӘКК-лерге 8 хабарлама енгізіліп, түрлі монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша шаралар қабылданды.

Талдау қорытындысы бойынша БҚДА қарыз шарттарына бірыңғай талаптар енгізу, міндеттемелер орындалмай тұрып ұзартуға тыйым салу, бөлу жоспарларын міндетті түрде жариялау және әкімдіктердің жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар әзірледі.

  • 21.10.2025
  • 18
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика