• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАРДЫ РЕТТЕУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ БРИКС ЕЛДЕРІНІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТУДЫРДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров Өзбекстандағы БРИКС орталығы ұйымдастырған цифрлық платформаларды дамыту жөніндегі конференцияға қатысты.

Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жасанды интеллектіні дамыту мемлекеттік басымдық ретінде айқындалған. Қазіргі таңда жасанды интеллектті енгізу білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, өнеркәсіп және стратегиялық жоспарлау сияқты салаларда белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Елде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды, ЖИ дамыту жөніндегі кеңес жұмыс істейді, сондай-ақ ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айналатын ЖИ зертханасы ашылуда.

Қазақстанның бәсекелестік органының да Meta, Google және Yandex сияқты ірі халықаралық цифрлық платформалардың қызметін реттеу бойынша елеулі тәжірибесі бар.

«Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар, тең бәсекелестікке қауіп те төндіреді. Технологиялар өнімділікті арттырып, шығындарды азайтқанымен, олар бір мезетте нарықтағы шоғырлануды күшейтіп, шағын ойыншылар арасындағы инновациялық белсенділікті төмендетуі мүмкін. Қазіргі таңда реттеушілердің басты міндеті — инновацияларды ынталандыру мен бәсекелестік ортаны қорғау арасындағы тепе-теңдікті табу», — деді М. Омаров өз сөзінде.

БҚДА-ның үстем цифрлық платформаларға қатысты бірнеше істер бойынша тәжірибесі бар.
Мәселен, Yandex такси агрегаторына қатысты комиссия мөлшерінің көбеюі мен баға үйлестіру фактілері бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде әділ баға белгілеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адал бәсекелестік талаптарының бұзылуына қарсы бағытталған монополияға қарсы комплаенс жасалды.Google компаниясымен өзара іс-қимыл барысында мобильді қосымшаларды алдын ала орнатуға қатысты шектеулерге байланысты БҚДА-ның хабарламасы аясында, пайдаланушыға іздеу жүйесін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.
Meta компаниясына қатысты тергеп-тексеру қазақстандық музыкалық туындылардың әлеуметтік желілерде жарияланбау фактілеріне байланысты жүргізіліп, нәтижесінде авторлық құқықтарды қорғауға бағытталған келісімге қол жеткізді.

«Қазақстан цифрлық экономикаға ауқымды өтуді бастауға дайындалып жатыр. Бұл жағдайда жасанды интеллект тек құрал емес, елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі өзегіне айналады. Дегенмен, осы үдерісте деректерге, инфрақұрылымға және мемлекеттік келісімшарттарға бірінші болып қол жеткізгендер нарықтық билікті күшейтуі мүмкін. ЖИ мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алған компаниялар мен институттар өз ықпалын едәуір арттыра алады, ал басқалары артта қалу қаупіне тап болады», — деп атап өтті Агенттік төрағасы.

Ол Қазақстанда цифрлық нарықтарды реттеу кезінде үйлесімді және пропорционалды тәсіл қолданылатынын айтты. Бұл тәсіл бәсекелестікті қорғау мен инновацияларды ынталандыру арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік саясат пропорционалды араласу қағидатына негізделген: яғни, нарықтық механизмдер адал бәсекелестікті қамтамасыз ете алмаған жағдайда ғана шаралар қабылданады.

Осылайша, цифрлық платформаларға шамадан тыс әкімшілік қысым жасалмайды, технологиялық экожүйелердің даму серпіні сақталады және нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай қамтамасыз етіледі. Реттеу халықаралық ұсынымдарға — OECD және UNCTAD стандарттарына — сәйкес жүзеге асырылады, бұл инновацияларға кедергілер туғызбай, нарық еркіндігі мен тұтынушылар мүддесін қорғау арасындағы динамикалық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

  • 21.10.2025
  • 16
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика