- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Еңбекминінің басшысы ведомство қызметкерлерін Республика күнімен құттықтады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 25 қазанда атап өтілетін ұлттық мереке – Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға Министрліктің орталық аппаратының, ведомствоға бағынысты ұйымдар мен аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ұжымды мерекемен құттықтап, тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға қосқан үлесі мен ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектері үшін алғыс айтты.
1990 жылғы 25 қазанда қабылданған мемлекеттік егемендік туралы Декларация Тәуелсіздікке алғашқы қадам, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына жол ашқан тарихи кезең болды. Бүгінгі таңда егемен ел-бұл саяси тұрақтылығы жоғары және әлеуметтік-экономикалық дамуы бар, халықаралық аренада көрнекті орын алатын мемлекет. Осы жетістіктердің барлығы – халқымыздың ынтымақтастығы мен бірлігінің, жанқиярлық еңбек пен патриотизмнің нәтижесі.
Егемен ел болу – бұл жай ғана құқықтық мәртебе емес, бұл жауапкершілік және жоғары азаматтық сана. Тәуелсіз Қазақстанды нығайту үшін әр азаматтың еңбегі, білімі мен біліктілігі, елге деген адалдығы қажет.
Әріптестерімді алдағы Республика күнімен құттықтаймын! Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі қажырлы еңбегіңіз елдің әлеуметтік саясатын оңтайлы іске асыруға мүмкіндік береді. Сізге денсаулық, өркендеу, табыс және қажымас күш тілеймін!», – деді Светлана Жақыпова.
Іс-шара барысында әлеуметтік-еңбек саласының ардагерлері, Министрлік пен оған бағынысты ұйымдардың қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды. Атап айтқанда олар «Ерен еңбегі үшін» (6 адам) және «Еңбек ардагері» (1 адам) медальдарымен, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен (4 адам), ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің атынан құрмет грамоталарымен (23 адам), алғыс хаттарымен (7 адам), «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен (1 адам) және ҚР Денсаулық сақтау министрінің атынан құрмет грамоталарымен (2 адам) марапатталды.
- 24.10.2025
- 12


