- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Париж қаласында Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының (FATF) кезекті Пленарлық апталығы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы қатысты
Пленарлық апта аясында қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен сын қатерлердің кең ауқымы талқыланды, соның ішінде: әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы терроризмді қаржыландыру тәуекелдері; жасанды интеллект пен дипфейк технологияларын қылмыстық мақсатта пайдалану; онлайн-казинолардың жаһандық қаржылық қауіпсіздікке теріс әсері.
Отырыстар барысында FATF-тың бірқатар маңызды құжаттары қабылданды. Атап айтқанда, активтерді қайтару жөніндегі жаңартылған нұсқаулық, виртуалды активтер жөніндегі байланыс тобының кезекті есебі және халықаралық аударымдарға қатысты 16-шы ұсынымды іске асыру әдістемелері бекітілді.
Пленарлық апта шеңберінде Қазақстан делегациясы халықаралық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, ынтымақтастықты кеңейту және озық тәжірибемен алмасу мәселелерін талқылады.
Еске салсақ, 2023 жылы Қазақстан ұлттық «ақшаны жылыстатуға қарсы» жүйенің өзара бағалау рәсімінен сәтті өтті. FATF стандарттарын іске асыру мақсатында нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Мемлекет басшысы қаржылық мониторинг тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды.
- 24.10.2025
- 43


