- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Атырау және Маңғыстау облыстарына жұмыс сапары туралы
Өткен екі жұмыс күні Атырау және Маңғыстау облыстарында өтті.
Қылмыстық істер бойынша негізгі шешімдерді келісу шеңберінде тікелей өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тергеушілермен және прокурорлармен кездестім.
Үш буынды модельдің бірінші кезеңі енгізілген сәттен бастап еліміз бойынша оң нәтиже байқалады.
Үш айға толмайтын кезеңде жеке сот қаулылары 8 есе азайды, ал сот қайтарған істер саны 44 %-ға азайды.
Бұл процеске қатысушылардың шағымдары үшін алғышарттардың төмендеуін білдіреді.
Әрі қарай да жұмыс жасауды жалғастыра беретін боламыз.
- 16.03.2021
- 256