• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АГЕНТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Агенттік қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен – ордендермен, медальдармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Агенттік төрағасы Марат Омаров қызметкерлер алдында сөйлеген сөзінде ұлттық мерекенің тарихи маңызын атап өтіп, әрбір мемлекеттік қызметшінің халық алдындағы жауапкершілігін ерекше атап өтті.

«Баршаңызды ұлттық мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн — халқымыздың азаттық пен тәуелсіздікке ұмтылысының, ел бірлігі мен рухының нышаны.35 жыл бұрын қабылданған Егемендік декларациясы тәуелсіздігіміздің бастауы болды. Сол тарихи сәттен бері еліміз өсіп, өркендеп, әлемге танылды. Осы жолда аянбай еңбек ету – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір және Еліміздің  дамуына қосып жатқан еңбектеріңізге табыс тілеймін!», — деді Агенттік төрағасы Марат Омаров.

Ол барша қызметкерлерді ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтап, денсаулық, отбасы амандығы және ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы №1053 Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен:

Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы – Кальменова Маржан Тынысбековна;

Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Набиева Айгүл Ермековна марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаментінің директоры – Пасечко Роман Евгеньевич;

Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті директорының орынбасары – Жакупов Амир Мирасович;

Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті директорының орынбасары – Мурзабекова Динара Бериковна марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 15 қазандағы №174 бұйрығына сәйкес

«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен Каиржанова Майра Каримовна, Әкімшілік-қаржы департаментінің бас консультанты, марапатталды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2025 жылғы 22 қазандағы №46 бұйрығына сәйкес Агенттіктің құрметті ардагерлері атанды:

Джилысбаева Ақмарал Тазабековна;

Кожикова Бахыт Тенелбаевна.

Сондай-ақ Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар Агенттіктің бірқатар орталық аппарат және аумақтық бөлімшелер қызметкерлеріне табысталды.

  • 03.11.2025
  • 12
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика