• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілі К. Вавьерниамен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БҰҰ Даму бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа ханыммен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ әлеуметтік қорғау және тұрақты даму салаларындағы бірлескен бастамаларды талқылады.

Министр Отбасының цифрлық картасы деректері негізінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жағынан осал топтар мен үй шаруашылықтарының тұрақтылығына жүргізілген бағалау нәтижелерімен бөлісті. Ол бұл құралдың скорингтік модель арқылы отбасының әл-ауқат деңгейін неғұрлым дәл айқындауға және олардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, тиісті қолдау шараларын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жаңа тәсіл әлеуметтік көмектің атаулылығын арттырып, мемлекеттік қолдаудың шын мұқтаж азаматтарға бағытталуын қамтамасыз етеді.

Светлана Жақыпова сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан Бірыңғай цифрлық платформа туралы баяндады. Оның енгізілуі мемлекеттік қызметтер спектрін цифрлық форматта кеңейтуге, қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Министр ерекше назарды атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін арттыру үшін әзірленген FSM Social мобильдік қосымшасын енгізу мәселесіне аударды. Қосымша өтініш берушілердің материалдық жағдайын зерттеу процесін толық цифрландыруға мүмкіндік береді, бұл жүйені анағұрлым тиімді әрі әділ етеді.

«Біз шетелдік мамандарды оқыту арқылы да, сондай-ақ біздің сарапшыларымыздың тәжірибелік жұмысқа шығуы арқылы да халықаралық тәжірибе алмасуға әрдайым ашықпыз және өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», – деді Светлана Жақыпова.

Өз кезегінде Катаржина Вавьерниа Қазақстанда әлеуметтік саладағы цифрландыру және азаматтарды қолдаудың заманауи құралдарын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты жоғары бағалады. Ол БҰҰДБ есептерінде Қазақстанның әлеуметтік саясат пен еңбек қатынастарында инновациялық тәсілдерді тиімді енгізіп отырған ел ретінде жиі мысалға алынатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

  • 06.11.2025
  • 10
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика