• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Былтыр құрылыс қарқынын сақтап қана қоймай, айтарлықтай ұлғайттық.

Биыл әлеуметтік тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салудан рекорд орнатпақпыз. Құрылыс жұмыстары елорданың барлық аудандарында полиорталық қағидасы бойынша жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға қажет нысандардың барлығы жақын қашықтықта орналаспақ.
Қаланы аралау кезінде Алматы ауданында орналасқан жеңілдікпен берілетін тұрғын үйдің, сонымен бірге - мектеп құрылысы барысымен таныстым.
Қаланы жиі аралап тұрамын. Сонда ғана құрылыс салушылар құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, сапалы жұмыс істейді, ал біз жағдайды тек қағаз бетінде емес, құрылыс нысандарында болып жатқан нақты бейнені көреміз. Жұмысқа немқұрайлы қарайтын құрылыс компанияларының қызметінен бас тартамыз. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға назар аудару қажет.
Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй саны жоспарлы түрде ұлғайып келеді. Егер 2018 жылы елордада жеңілдікпен берілетін 1100 пәтер салынса, 2019 жылы - 2900, ал 2020 жылы - 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Биыл осы көрсеткішті 10 мың пәтерге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.
Мектептер салу кезінде, ең алдымен мұқтаждық бар жерлерді таңдаймыз: ол ең алдымен - халық тығыз орналасқан және жаңа салынып жатқан аудандар. Соның ішінде, елді-мекендер де бар. Мәселен, өткен жылы Мичурино елді-мекенінде мектеп салынды. Бұрын онда бірде-бір мектеп болмаған еді. Балалар мен мұғалімдер бейімделген бөлмеде отыруға мәжбүр болды.
Биыл барлығы 16 мектеп саламыз. Бұл - 40 мыңнан астам оқушыны қамтуға мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда қамтылатын оқушы саны 2 еседен астам көбейеді.

  • 17.03.2021
  • 304
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика