- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті кездесу өткізді.
Компания президенті Славомир Майхровски құрғақ құрылыс қоспасын шығаратын зауыттың құрылыс кезеңі, инженерлік жұмыс көлемі және маман даярлау мәселелерін талқыланды.
Колледж студенттеріне арналған дәрістерді, оның ішінде тәжірибелік сабақ пен шеберлік сыныптарын ұйымдастыруға ерекше назар аудардық. Бұл жаңа зауыт үшін білікті кадр дайындауға, жергілікті мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және студенттердің халықаралық тәжірибе алуына мүмкіндік береді.
Инвестиция көлемі шамамен 10 млн АҚШ долларын құрайтын жоба қаламыз үшін елеулі пайда әкелмек. Жаңа өндіріс нарықтағы отандық материалдардың үлесін арттырып, құрылыс саласының дамуын нығайтады. Зауыт жылына 150 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы болады.
Құрылыс кезеңінде шамамен 50 уақытша жұмыс орны ашылса, зауыт іске қосылғаннан кейін 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Инвесторларға өнеркәсіпті дамытуға қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, жоба табысты жүзеге асуы үшін толық қолдау білдіретінін жеткізді.
- 24.11.2025
- 5


