- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Астанада «Заң және тәртіп» нарративі аясында АМL Academy мен Қаржылық мониторинг агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірлеген «Qarzhy Sagshysy» атты көрсетілімдік ойын өтті
Жасөспірімдер бүгінде құмар ойындар, фишинг, телефон арқылы алдау әрекеттері, қаржылық пирамидалар мен дропперлік сияқты қауіптерге жиі тап болады.
Сондықтан қаржылық тәуекелдерді тануға және дұрыс шешім қабылдауға үйрететін интерактивті ойын әзірленді.
Астанадағы №82 арнайы лицейдің 10–11-сынып оқушылары ойынды алғашқылардың бірі болып сынақтан өткізді: олар мини-тапсырмаларды орындап, виртуалды қаржыны басқарып, қаржылық қауіпсіздікке қатысты сұрақтарға жауап берді.
Оқушылар ойынның өте қызықты екенін атап өтті, сондай-ақ қажетті білімсіз адам оңай ғана алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін екенін мойындады. Енді олар өздерін және жақындарын қалай қорғау керегін жақсы түсінеді.
Айта кету керек, ойын форматы оқушылардың материалды тиімді меңгеруіне және негізгі дағдыларды бекітуіне көмектеседі.
1 желтоқсаннан бастап «Qarzhy Saqshysy» республикалық деңгейде жүзеге асырылады — ойын елдегі барлық мектептер мен колледждерде өтеді. Жеңімпаздар райондық, облыстық және республикалық деңгейде марапатталады.
- 25.11.2025
- 14


