- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Шығыс Қазақстан облысының су тасқыны қауіпті орындарын әуеден барладым
2021 жылғы 17-18 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында болдым.
Шығыс Қазақстандағы жұмыс сапарымның екінші күнін толығымен өңірдегі су тасқыны қауіпті орындарды әуеден барлау мен қалыптасқан жағдайға мониторинг жасауға арнадым.
Мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен бірлесіп Қатонқарағай, Көкпекті, Алтай аудандары мен Риддер қаласының маңайындағы тасқын қауіпті учаскелерді әуеден барлап шықтым. Облыста қар жапқан аймақ 96 пайызды құрады.
Әуеден шолу нәтижесінде Бұқтырма өзенінің бассейнінде орналасқан Барлық, Коробиха, Сенное, Быково, Богатырево, Малеевск, Путинцево, Зубовск, Тұрғысын, Парыгино мен Снегирево елді мекендеріндегі жағдайға мониторинг жасалды. Қазіргі таңда жағдай қалыпты. Мұздың жағадан шығуы байқалмады.
- 18.03.2021
- 221