- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен республикалық «Zandy kúlki» Жайдарман ойынын өткізді
Әзіл, шығармашылық және маңызды әлеуметтік тақырыптарды біріктірген ауқымды жастар шарасы Түркістан қаласында өтіп, 1200-ден астам көрерменді жинады. Республиканың әр түпкірінен 12 команда өз өнерлерін көрсетіп, жоғары деңгейдегі креатив пен шеберліктерін паш етті.
Атап өтсек, бұл жобаны өткізу Қаржылық мониторинг агенттігі үшін жақсы дәстүрге айналды – биылғы жазда «Zandy kúlki» елордада ұйымдастырылып, қала тұрғындары тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болған еді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтық қауіптеріне назар аударту және жасөспірімдер мен студенттердің қазіргі қаржылық тәуекелдері туралы жеткізу.
«Zandy kúlki» шығармашылық жастар жобасы - өзекті мәселелерге назар аударудың тиімді құралы бола алатынын және қаржылық шешімдерге саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал ететінін тағы да дәлелдеді.
- 26.11.2025
- 7


