- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі және Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты
Бішкек, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты.
Іс-шараға қазақ тарапынан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов және Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қатысты.
Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды, ҰҚШҰ-ның үстіміздегі жылғы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Ұйымның 2026 жылғы жұмысының перспективалық бағыттары талқыланды.
Отырыс аясында Е.Көшербаев әріптестеріне ҰҚШҰ форматындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне еліміздің көзқарастары туралы хабардар етті, Ұйымды одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.
Бірлескен отырысқа қатысушылар 27 қарашада Бішкекте мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының күн тәртібі мен құжаттарының жобаларын келісті.
- 27.11.2025
- 7


