• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еңбек министрлігінде ведомство қызметінің цифрлық трансформациясының барысы талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ведомство басшысы Светлана Жақыпованың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте ведомство қызметін цифрлық трансформациялау мәселелері, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жұмысы, сондай-ақ инвестициялық жобалар аясында еңбек қатынастарын формализациялау бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаментінің директоры Махмұд Көпбаевтың айтуынша, әлеуметтік-еңбек саласындағы 49 мемлекеттік қызметтің 45-і электрондық форматта қолжетімді. Оның ішінде 28 қызметті проактивті түрде алуға болады.

«1 қарашадағы жағдай бойынша 5,8 млн қызмет, оның 2,3 миллионы – электрондық форматта, тағы 1,6 миллионы – проактивті түрде көрсетілді. Талдау нәтижесіне сүйенсек, мемлекеттік қызметтерді электрондық және проактивті форматта алу қарқынынан оң динамика байқалады», – деді ол.

Махмұд Көпбаевтың хабарлауынша, биылғы қазан айында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арқылы төленетін әлеуметтік төлемдерге қатысты бірқатар ішкі процестер автоматтандырылды.

Сонымен қатар жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) негізіндегі құралдар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Қолданыстағы модельдер қатарында – Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы түйіндемелерді талдау және бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу, сондай-ақ байланыс орталығындағы интеллектуалды чат-бот бар.

«Отбасының цифрлық картасының функционалы кеңеюде – жергілікті атқарушы органдарға атаулы әлеуметтік көмекті проактивті тағайындау кезінде ұсыныстар беретін мүлікті және өмір сүру жағдайларын автоматты бағалау үшін ЖИ мен «компьютерлік көру» технологияларын енгізу жүзеге асырылды», – деп қосты ол.

ЖИ көмегімен мүгедектігі бар жандардың мүгедектік тобын қашықтан анықтау тетігін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Модель медициналық деректер негізінде алдын ала қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Алайда түпкілікті шешім дәрігердің тексеруі мен аудиттен кейін ғана қабылданады.

Аппараттық кеңесте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің негізгі қызмет бағыттары да қаралды. Бұл туралы департамент басшысы Жеңіс Беріков баяндады.

Ал Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Батыр Молдахметов инвестициялық жобалар аясында «Жобалардың инновациялық навигаторы» жүйесі арқылы жүргізіліп жатқан еңбек қатынастарын формализациялау жұмыстарының аралық нәтижелері туралы хабарлады.

Кеңесті қорытындылай келе, Светлана Жақыпова вице-министрлерге, комитет төрағаларына, департаменттер мен Еңбек министрлігіне қарасты ұйымдардың басшыларына атқарылып жатқан жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

  • 01.12.2025
  • 6
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика