- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» ұлттық нарративі аясында жастардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға және заманауи қатерлерден қорғауға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойыны бастау алады
Ойын AML Academy тарапынан Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірленді.
Жоба жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық түрлері туралы білімін нығайтуға бағытталған. Онда қаржылық пирамидалар, дропперлік, фишинг және цифрлық гигиена сияқты кең таралған тәуекелдер қамтылған. Мұндай қауіптер жастарды жиі мазалайтындықтан, тек профилактика ғана емес, цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлыққа үйрететін практикалық білім де ерекше маңызды.
«Qarzhy Saqshysy» форматы — интерактивті тапсырмалар, шағын жағдайлар және 10–11-сынып оқушылары мен колледж студенттеріне бейімделген қаржылық қауіпсіздікке арналған сұрақтар. Бұл ойын түріндегі тәсіл қаржылық қауіпсіздіктің негізгі дағдыларын тиімді меңгеруге және цифрлық кеңістікте шешім қабылдау кезінде сыни ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді.
Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жоба жасөспірімдердің қаржылық қауіпсіздік негіздерін игеруі мен цифрлық ортада жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
- 02.12.2025
- 9


