- Блогтар
- Сауранбаев Н. Е.
Сауранбаев Н. Е.
ҚР Көлік министрі
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде бірлескен семинар-тренинг өтті
Іс-шара ҚР Сот әкімшілігінің әдеп жөніндегі уәкілі Хасенова Айгүл Рамазанқызымен бірлесіп өтті.
Семинар-тренинг "Кәсіби ортадағы этикалық коммуникация" тақырыбы аясында өрбіді.
Аталған семинарда кәсіби ортадағы этикалық қарым-қатынастың мәні, қағидаларын және қолдану тәсілдері қарастырылып, сондай-ақ ұжымда өзара сыйластық қарым-қатынас жағдайларын дамытатын ойын форматтары пайдаланылды. Өз кезегінде шараға қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, жағымды эмоциялармен алмасты.
Бұл тәжірибе жұмыс барысында жалғасын тауып, тиімді қызмет қатынастарының орнауына, өзара құрмет пен сыйластық қағидаларының сақталуына себепші болады деп сенеміз.
- 04.12.2025
- 28


