- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Агенттік өкілдері қаржы секторының климаттық күн тәртібіндегі рөлін талқылады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері Алматыдағы TURAQTY JOL 6.0 Ұлттық әлеуметтік эконауқанының шеңберінде «Жасыл импульс: Өңірлік экологиялық саммитке – 2026» диалогына қатысты.
Іс-шара ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының,
сондай-ақ Алматы әкімдігінің қолдауымен ЮНЕСКО-ның Қазақстандық Ұлттық Клубтар Федерациясы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтымен (CAIER) және Орталық Азия Климаттық Қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Конференцияға бизнес-қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік және үкіметтік емес сектордың өкілдері, ESG және консалтинг саласындағы сарапшылар, ғалымдар қатысты.
Жиын барысында қатысушылар климаттық мақсаттарға, көміртекті трансформациялауға және жасыл экономикаға көшуге қол жеткізудегі қаржы секторының рөлі мен реттеушілік бастамаларды, сондай-ақ қалдықтар кәдеге жарату мәселелерін талқылады.
Іс-шара тәжірибе алмасу, практикалық кейстерді талқылау және орнықты әрі жауапты қаржылық ортаны дамытуға ықпал ете отырып, Қазақстанның қаржы секторында ESG-қағидаттарын одан әрі енгізу бойынша бірлескен ұсынымдарды қалыптастыру үшін маңызды платформаға айналды.
- 05.12.2025
- 12


