• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЖМ басшысы Қазақстандағы алғашқы өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен полицияның әмбебап кешенінің жұмысын іске қосты

  Шымкент қаласының Елтай шағын ауданында өртке қарсы қызмет, жедел медициналық жәрдем және полиция бөлімшелерін бір аумақта біріктірген Қазақстандағы алғашқы әмбебап жедел қызметтер кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараға төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, азаматтық қорғау ардагерлері, сондай-ақ салалық департамент басшылары қатысты.

  Бұл бірегей жоба «Аумақтарды дамыту жоспары» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, қоғамдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және төтенше жағдайларға әрекет ету жеделдігін арттыруға бағытталған. ТЖМ басшысы символикалық кілттерді табыстап, бөлімшелердің тәулік бойы кезекшілікті бастауға жоғары дайын екендігін атап өтті. Сондай-ақ жедел қызметтердің бір алаңға біріктірілуі әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартуға және халықты қорғаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

  Жаңа нысан жергілікті бюджет есебінен бар-жоғы алты ай ішінде салынды. Ғимаратта қызметтік бөлмелер, ГТҚҚ бекеті, асхана, оқу сыныбы, оқу мұнарасы және спорт алаңы орналасқан. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем мамандары үшін жеке бөлмелер, сондай-ақ техникаға арналған гараж және көлік қоюға арналған орын қарастырылған. Мұнда №8 өрт сөндіру бөлімі, жедел медициналық жәрдем бригадасы және полиция қызметкерлері орналасқан.

  Кешен Елтай шағын ауданының 16,5 мыңнан астам тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Биылғы жылдың соңына дейін осындай нысан Сәуле шағын ауданында да пайдалануға берілмек. 2026 жылы Шымкент қаласында тағы алты осындай әмбебап жедел қызметтер кешенін салу жоспарлануда.

  • 09.12.2025
  • 15
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика