• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАЗАҚСТАН МЕН ЭЫДҰ АЛҒАШ РЕТ ЕЛ ІШІНДЕ ДӘСТҮРЛІ НАРЫҚТАРДА КҮШТІ БӘСЕКЕЛЕСТІК САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен ЭЫДҰ-ның өңірлік бәсекелестік жөніндегі орталығы (ЭЫДҰ ӨБО) бірлесіп ұйымдастырған «Дәстүрлі нарықтарда тиімді бәсекелестік жағдайын қалыптастыру» атты үш күндік өңірлік семинар өз жұмысын аяқтады.

Іс-шараға ЭЫДҰ елдерінің сарапшылары, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның антимонополиялық органдарының өкілдері (Венгрия, Албания, Молдова, Босния және Герцеговина, Солтүстік Македония, Черногория, Хорватия, Румыния, Армения, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан, Грузия), сондай-ақ халықаралық мамандар қатысты. Семинардың мақсаты — нарықтардың жоғары шоғырлануы мен экономиканың құрылымдық өзгерістері жағдайында бәсекелестік саясатын күшейту бойынша озық тәсілдермен тәжірибе алмасу.

Семинар барысында қатысушылар картельдік құқық қолдану мәселелерін, оның ішінде leniency бағдарламалары аясындағы ынтымақтастық тетіктерін талқылады. Сарапшылар тиімді өзара іс-қимыл толық әрі адал ақпарат ұсынумен ғана қамтамасыз етілетінін, ал формалды немесе жарым-жартылай ынтымақтастық жеңілдіктерден айрылуға әкелетінін атап өтті. Бұл халықаралық тәжірибемен расталды. Сондай-ақ компаниялардың ішкі комплаенс сапасын арттыру және деректерді уақтылы ашу leniency тетігін табысты іске асырудың маңызды алғышарттары екені көрсетілді.

Тікелей дәлелдер болмаған жағдайда жанама дәлелдерді қолдану мәселесі де ерекше назарда болды. Испания тәжірибесінен келтірілген мысалдарда автомектептердің және мектеп тамағына қатысты тендер қатысушыларының келісілген әрекеттері баға және мінез-құлық аномалияларын талдау арқылы анықталғаны атап өтілді. Сарапшылар өзара логикалық байланыстағы индикаторлар жиынтығы сенімді дәлелдеме базасын қалыптастыра алатынын айтты.

Бәсекелестікті шектеу және үстем жағдайды теріс пайдалану мәселелерін талқылау шеңберінде AT&T, Daraprim және Coca-Cola секілді халықаралық істер қаралды. Бұл кейстер антибәсекелестік мінез-құлықты болдырмауда құрылымдық және мінез-құлықтық шаралардың тиімділігін көрсетті. Мысалдар нарық ерекшеліктері мен құқық бұзушылық сипатын ескере отырып, құқықтық ықпал ету құралдарын дұрыс таңдаудың маңыздылығын дәлелдеді.

Қазақстандық тарап ұлттық тәжірибені, соның ішінде жоғары шоғырлану және тарифтердің синхронды динамикасы сақталып отырған телекоммуникациялар нарығындағы жағдайды ұсынды. 5G желілерін енгізу барысында спектр тапшылығы мен оның бөлінісі негізгі сын-қатерлер ретінде көрсетілді. БҚДА реттелетін салалардағы институционалдық өкілеттіктерді күшейтудің қажеттілігін, бұл ретте ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін ескеру маңызды екенін атап өтті.

Талқылау қорытындылары бойынша сарапшылар қазіргі заманғы бәсекелестік саясаты икемділікке, аналитикалық дәлдікке және кең құралдар жиынтығына, оның ішінде салалық тергеп-тексеру мен ақпарат сұратуға негізделуі тиіс деген ортақ пікірге келді. Антимонополиялық органның қабылдайтын шешімдері қоғамдық әл-ауқаттың артуына бағытталуы керек екені де ерекше аталды.

БҚДА ЭЫДҰ ӨБО басшылығына, әсіресе ханым Мария Канедоға және оның командасына, сондай-ақ барлық қатысушыларға жемісті жұмыстары үшін алғыс білдіреді. Халықаралық тәжірибе алмасу, соның ішінде қазақстандық практикалық кейстер, Қазақстандағы бәсекелестік саясатын одан әрі жетілдірудің маңызды ресурсына айналады.

  • 10.12.2025
  • 4
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика