• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 2023 жылдан бері екі есеге жуық артты

Мәскеуге жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иранның Ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезелдже мырзамен келіссөздер жүргізді. Кездесуге ирандық ірі компаниялардың басшылары да қатысты.

Тараптар сауданы кеңейту, кооперацияны тереңдету және агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен жобаларды іске асыру келешегін талқылады.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2023 жылы тауар айналымы төмендегеннен кейін ирандық тараппен белсенді ынтымақтастықтың арқасында елеулі өсімге қол жеткізілді.

Осылайша, 2023 жылы тауар айналымы 165,2 млн долларға дейін қысқарды, бидай жеткізу сегіз еседен астам азайды, ал арпа экспорты екі есе төмендеді. Өткен жылы жағдай айтарлықтай жақсарды. Мәселен, сауда көлемі 220 млн долларға жетіп, арпа экспорты үш есе өсті.

Қарқынды өсу биыл да сақталды. Тоғыз айда тауар айналымы 249,1 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге артты. Арпа экспорты 4,6 есеге көбейіп, бидай жеткізу көлемі де ұлғайды.

«Екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасы тұрақты өсімге ие. Біз Иранмен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделіміз. Аграрлық секторда өсімнің әлеуеті өте жоғары, біз тауар айналымын арттыруға дайынбыз», – деді Айдарбек Сапаров.

Иран қазақстандық астықтың негізгі нарықтарының бірі болып қала береді. Маркетингтік жыл ішінде (2024 ж. қыркүйек – 2025 ж. тамыз) елге 1 млн тоннадан астам астық жеткізілді, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 86 мың тонна болған. Ағымдағы жылдың 9 айында экспорт 855,2 мың тоннаға жетіп, 169,7 млн долларды құрады.

Астық ауыстырып тиеу көлемінің артуына Амирабад портының «Амирабад Грейн Терминал Киш» терминалы елеулі үлес қосты. Осы жылдың 10 айында аталған терминал арқылы 161 мың тонна арпа мен бидай жөнелтілді.

Кездесуде күнбағыс майының экспортын кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Өткен жылы Иранға 5,9 мың тонна жіберілді, ал қазақстандық қайта өңдеушілер жылына 500 мың тоннаға дейін ұлғайтуға дайын. Бұл маңызды қадамға Құрық және Ақтау порттарында май құю терминалдарын салу арқылы қол жеткізуге болады.– Бұл өткізу қабілетін арттырып, логистиканы оңтайландыруға жол ашады.

Тараптар сондай-ақ инвестициялық әріптестікті дамыту мәселелеріне де баса назар аударды. Қазақстанда ирандық инвесторлардың қатысуымен бірқатар кәсіпорындар табысты жұмыс істеп келеді.
Осы ретте Solico Group компаниясымен Алматы облысында жылына 200 мың тоннаға дейін ірімшік өндіретін қайта өңдеу кешенін салу, сондай-ақ картопты қайта өңдеу және балалар тағамын өндіру жобалары бойынша келіссөздер жалғасуда.

Kourosh Food Industry майлы дақылдарды қайта өңдеу, құс шаруашылығын дамыту және логистикалық нысандар салу бағытында кәсіпорындар құруға қызығушылық танытты.

Өз кезегінде Голамреза Нури Гезелдже Иранның ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атап өтті.

«Бүгінде Иран 25 млн тоннадан астам өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін импорттайды. Біз Қазақстанмен тауар айналымын екі есе арттыруға мүдделіміз. Сондай-ақ Иранды үшінші елдерге арналған транзиттік алаң ретінде пайдалануды ұсынамыз және осы үшін барлық қажетті жағдайды жасауға дайынбыз», – деді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белсенді әріптестікті жалғастырып, АӨК саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту ниеттерін жеткізді. Ынтымақтастықтың барлық перспективалық бағыттары ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан–Иран жұмыс тобы аясында егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.

  • 11.12.2025
  • 8
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика