• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров Мәскеуде Қазақстанның жаһандық биологиялық қатерлерге қарсы күрес стратегиясы туралы айтты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мәскеуде «Ветеринариялық қауіпсіздік» І Халықаралық форумына қатысты. Форумның басты тақырыбы - жаһандық биологиялық қауіп-қатер жағдайында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Іскерлік бағдарлама ветеринария саласы дамуының басым бағыттарын қамтыды. Оның ішінде: инновациялық технологияларды енгізу, дәрілік заттар мен вакциналар нарығын дамыту, бақылау жүйелерін жаңғырту, сондай-ақ трансшекаралық қатерлерге ден қою шаралары бар.

Форумға ФАО, ДЖДҰ, ЕЭК жетекші сарапшылары, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Иранның мемлекеттік органдары, ғылыми қауымдастық және бизнес өкілдері қатысты.

Эпизоотиялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған пленарлық отырыста Айдарбек Сапаров жаһандық биологиялық қатерлер жағдайында күш-жігерді біріктірудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде:

«Қауіп-қатер өршіп тұрған жағдайда биологиялық қауіпсіздік жүйесін нығайту ұлттық басымдыққа айналды. Тек жүйелі және мемлекетаралық қадам іс жүзінде тәжірибе алмасуға, келісілген шешімдер қабылдауға және біздің ден қою жүйелеріміздің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. 2022 жылдан бастап Қазақстанда биологиялық қатерлердің алдын алуға және мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң қолданысқа енгізілген. Біз Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымының тізіміндегі 90-нан астам аурудың ішінен 23-і бойынша алдын-алу шараларын жүргізіп келеміз», — деді.

Елімізде ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты шаралар қабылдануда. Атап айтқанда: өткен жылы 400-ден астам ветеринариялық нысан салынды, азық-түлік қауіпсіздігі зертханалары үшін 9 жоғары тиімді сұйықтықтық хроматограф сатып алынды, келесі жылға зертханаларды қосымша жабдықтауға 10,5 млн доллар бөлінді, 2026–2027 жылдары ветеринариялық станциялар, пункттер және инсинераторлар салуға 126 млн доллар қарастырылған.
Жүйелі жұмыс нәтижесінде Қазақстан африкалық және классикалық шошқа обасы, оңтүстік-шығыс өңірлердегі аусыл және жылқының африкалық обасы сияқты қауіпті аурулар бойынша қауіпсіз ел мәртебесін алды.

Айдарбек Сапаров сондай-ақ антимикробтық дәрілерге төзімділік мәселесіне де тоқталды.
Қазақстан 2023–2027 жылдарға арналған жол картасы аясында кешенді шараларды іске асыруда. Осы ретте ведомствоаралық үйлестіру тобы құрылды, Республикалық ветеринариялық зертхана мен Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ФАО қолдауымен эпидқадағалау жүйесі енгізіліп, нормативтік құжаттар жетілдіріліп, мамандар даярлануда.

Өңірлік ынтымақтастық аясында министр ЕАЭО шеңберінде Қазақстан мен Ресейдің өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталып, ветеринариялық талаптарды үйлестіру, ақпарат алмасу және кадр даярлау мәселелерін атап өтті.

Сондай-ақ, ЕАЭО мемлекеттерінің ветеринариялық қызметтерінің өзара іс-қимылын күшейтуді, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялауды ұсынды. Бұл деректер алмасу процесін жеделдетуге және бақылау тетіктерін нығайтуға жол ашады.

Сөзін қорытындылай келе, министр кешенді, ғылыми негізделген тәсіл ғана адамдардың денсаулығын сақтауды, жануарларды қорғауды, эпизоотиялық тұрақтылықты нығайтуды және өңір елдерінің экспорттық әлеуетін арттыруды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Форумға қатысушылар мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту мен үздік тәжірибелер алмасудың өзектілігін айтып, бұл жаһандық ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігін одан әрі күшейтудің негізін қалайтынына назар аударды.

  • 11.12.2025
  • 11
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика