- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
AMANAT партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасының қорытынды нәтижелерін ұсынды
AMANAT партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асырудың 2025 жылғы қорытынды есебін ұсынды. Парламент Мәжілісінің Төрағасы, AMANAT партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың басшылығымен өткен іс-шараға премьер-Министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Білім министрі Жұлдыз Сүлейменова, облыс әкімдерінің орынбасарлары, банк басшылары, жобаның өңірлік үйлестірушілері, заңгерлер, сарапшылар және жоба өкілдері қатысты.
«Қарызсыз қоғам» бастамасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметпен, Агенттікпен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп іске асырылуда. Жоба қаржылық сауаттылықты арттыруға, халықтың шамадан тыс борыш жүктемесін азайтуға және Қазақстанның барлық өңірінде азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
Іс-шара барысында «Қарызсыз қоғам» жобалау кеңсесінің тұсаукесері өтті, оның шеңберінде берешек, жұмысқа орналасу және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру бойынша Call-орталық жұмыс істейді. Азаматтардың сұрауларын 180 заңгер өңдейді. Жалпы, бүгінгі күні кешенді қолдау жүйесі құрылған. Үш жылда 1,4 млн азамат оқудан өтті, 1 млн астам азамат заңгерлік және қаржылық кеңес алды.
Азаматтарды көбірек тарту үшін LMS-платформа (Learning Management System) базасында онлайн-оқыту енгізілді. Бұл бұрын бетпе-бет өтетін курстарға қатыса алмағандарға ыңғайлы уақытта оқуға мүмкіндік берді. Бағдарлама жеке бюджетті басқарудан бастап инвестициялау негіздеріне дейінгі бірнеше модульді қамтиды. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Qogamfin.kz бірыңғай цифрлық жүйесі құрылды, ол жолданымдардың мәртебесін бақылауға және ауыртпалықтарды алып тастау, берешекті қайта құрылымдау, соттан тыс банкроттық сияқты негізгі мәселелер бойынша құжаттар топтамасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Толығырақ: AMANAT партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасының қорытынды нәтижелерін ұсынды
- 12.12.2025
- 5


