- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Кеңес барысында Тәуелсіздік күні қарсаңында қоғамдық тәртіпті және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндамалар тыңдалды.
Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы жұмысының нәтижелері және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына жол бермеу бағытында қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев жаңа жылдық мерекелер кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ведомствоаралық жоспардың бекітілгенін хабарлады. Жоспар аясында «Газ баллоны», «Қауіпсіз Жаңа жыл» және «Пиротехника» сияқты алдын алу акциялары қамтылған.
Желтоқсан айында газ баллон жабдықтары орнатылған автокөліктерді тексеру бойынша рейдтер жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы түсіндірілді, мектептерге, медициналық және әлеуметтік мекемелерге ерекше көңіл бөлінуде.
- 15.12.2025
- 24


