• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сауранбаев Н. Е.
Сауранбаев Н. Е.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Көлік министрлігі ақылы жолдардағы төлем жасау ережелерін жеңілдетуді жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ақылы тасжолдардағы төлем жасау тәртібіне қатысты ережелерді жаңартуға кірісті. Жаңартылған тәсілдер жүргізушілерге төлемді уақытылы жүзеге асыру үшін қосымша уақыт пен мүмкіндіктер ұсынып, төлем жасау үдерісін барынша ыңғайлы әрі түсінікті етуді көздейді.

Қолданыстағы нормаға сәйкес, егер жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемесе, сегізінші күні материалдар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен көлік бақылау органдарына жолданады.

Алдағы уақытта жеңіл әрі ыңғайлы механизм енгізіледі: егер жеке тұлға жолақысын пайдаланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар отыз бірінші күні Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады.

Бұған қоса, бұрынғы тәртіпте жеке және заңды тұлғаларға бөлек талаптар қарастырылмаған болса, енді заңды тұлғалар үшін жеке механизм енгізіледі. Жаңа нормаға сәйкес, егер заңды тұлға есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына жолданатын болады.

Ұсынылып отырған өзгерістер жүргізушілерге төлем жасау үдерісін ыңғайлы етуге, төлем мерзімін ұлғайтуға және объективті себептерге байланысты төлем жасалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға бағытталған.

  • 17.12.2025
  • 10
Сауранбаев Н. Е.

ҚР Көлік министрі

Сауранбаев Н. Е.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика