- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
ТЖМ басшысы 119-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пунктін ашты
Алматы облысы Іле ауданының Түймебай ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру пункті ашылды. Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, әкімдік өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жоба ТЖМ басшысының бастамасымен, меценаттың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен серіктестердің қолдауымен жүзеге асырылды. Нысанның ашылуы ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің желісін дамытуға және ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігі жүйесін нығайтуға бағытталған.
Өрт сөндіру пункті отқа төзімді және жылдам тұрғызылатын SIP-панельдерді қолдану арқылы канадалық технологиямен салынды. Ғимаратта өрт техникасына арналған бокс, диспетчерлік, демалыс бөлмесі, асхана, сондай-ақ душы бар санитарлық торап қарастырылған, бұл жеке құрамның тәулік бойы үздіксіз және қолайлы жұмысын қамтамасыз етеді.
Пункт екі бірлік техникамен қамтамасыз етілген. Жәпек батыр, Көкқайнар және Төле би елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету аумағындағы жалпы халық саны шамамен 70 мың адамды құрайды. Нысанды пайдалануға беру төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартуға және азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
- 22.12.2025
- 6


