- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
ТЖМ басшысы 120-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымын пайдалануға берді
Алматы облысы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында 120-шы ерікті өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республиканың Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қатысты. Нысан ауылдық жерлерде азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында пайдалануға берілді.
Іс-шарада сөйлеген сөзінде ТЖМ басшысы ерікті өрт сөндіру пункттері желісін құру министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша мұндай бөлімшелер, әсіресе шалғай және қарқынды дамып келе жатқан елді мекендерде әрекет ету күштерінің оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халықтың қауіпсіздік деңгейін арттырып, төтенше жағдайлар кезіндегі тәуекелдерді азайтады.
Жаңа өрт сөндіру пункті Тұздыбастау ауылының, сондай-ақ оған іргелес орналасқан Гүлдала, Бесағаш, Белбұлақ, Панфилов және Тұзұсай елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бөлімшенің жауапкершілік аймағында 80 мыңнан астам адам тұрады. Пункт ғимараты демеушілік қаражат есебінен салынды.
Өрт сөндіру пункті дайындықтан өткен жеке құраммен толық қамтамасыз етіліп, екі бірлік өрт сөндіру техникасымен жабдықталған, бұл өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Іс-шара барысында жобаны іске асыруға үлес қосқан жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен демеушілер ТЖМ-нің ведомстволық наградаларымен наградталды.
- 22.12.2025
- 7


