- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Шымкент қаласының әкімі кәсіпкерлермен кездесті
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бизнес-қоғамдастық өкілдерімен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін өткізді. Іс-шара кәсіпкерлер мен қала әкімдігі арасында бизнесті дамыту және қаланың инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері бойынша маңызды ашық диалог алаңы болды. Кездесу барысында бизнестің дамуына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер талқыланды. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, арнайы салық режимі мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету, орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жүйелі мәселелер сөз болды. Ғабит Сыздықбеков, сонымен қатар, экономиканы нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаның жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Биылғы 11 айда Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі 715,2 млрд теңгеден асты. Бұған қоса, Астанада өткен Жаһандық инвестициялық форум аясында жалпы құны 863 млн АҚШ долларын құрайтын бес ірі жобаны іске асыру жөнінде келісімдерге қол қойылды.
- 22.12.2025
- 7


