- Блогтар
- Сауранбаев Н. Е.
Сауранбаев Н. Е.
ҚР Көлік министрі
Қазақстан қалалық әуе мобильдігі мен ұшқышсыз авиация саласында EHang компаниясының тәжірибесін зерделеуде
Төмен биіктіктегі экономиканы дамыту аясында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған делегация «Аллюр» компаниялар тобының өкілдерімен бірге EHang Future City компаниясының президенті Чжао Ванмен жұмыс кездесуін өткізді. Сондай-ақ делегация Қытайдың Юньфу қаласында орналасқан EHang компаниясының ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін зауытында болды.
Кездесу барысында тараптар қалалық әуе мобильдігі саласындағы озық технологияларды енгізу мәселелерін, оның ішінде жолаушылар тасымалы мен логистикада eVTOL үлгісіндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Сапар аясында делегация EHang компаниясының бас кеңсесіне де барды.
- 23.12.2025
- 4


