• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады

Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылауға арналған іс-шара аясында жұмысшы мамандықтарының үздік өкілдерін, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын, «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауының жеңімпаздарын, сондай-ақ «Жұмысшы жастар аманаты» жобасының қатысушыларын марапаттау салтанаты өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Еран Қарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, «Аманат» партиясының, жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік әріптестер, еңбек ардагерлері және байқау жеңімпаздары қатысты.

Салтанатты бөлім жұмысшы мамандықтарының үздік өкілдерін құрметтеуден басталды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік наградаларды: «Құрмет» (4 адам), III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерін (9 адам), «Ерен еңбегі үшін» медалін (4 адам) табыс етіп, «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой өз кезегінде «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Бұрын атап өткендей «Еңбек жолы» республикалық байқауы жыл сайын екі кезеңде – өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі және үш номинация бойынша: «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары көп және әулет мүшелері саны ең көп отбасы; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – конкурсқа қатысу үшін құжат тапсырған сәтте еңбек өтілі кемінде 20 жыл болатын, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер; «Өндірістің үздік жас қызметкері» – еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді әрі еңбекқор жас қызметкер таңдалып, жеңімпаздар анықталады.

Биыл жергілікті атқарушы органдар конкурсқа қатысуға 546 өтінім қабылдады. «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша – 112 өтінім, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша – 212 өтінім, «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша – 221 өтінім.

Конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының төрағалығымен комиссиялар анықтады. Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, әлеуметтік әріптестер, «Атамекен» ҰКП және «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері кіретін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы комиссия айқындады.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында Шығыс Қазақстан облысынан келген Деминдер әулеті («Казцинк» ЖШС Риддер тау-кен металлургия кешені) жеңіске жетті. 2 орынды Қарағанды облысынан Волокитиндер әулеті («Qarmet» АҚ), 3 орынды – Түркістан облысынан келген Дербисовтар әулеті («Қазақстан темір жолы» АҚ) алды.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Қостанай облысынан келген Қостанай жылу энергетикалық компаниясының электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтері Ришат Фасхутдинов (65 жаста) жеңімпаз атанды. 2 орынды Ақмола облысының «Қазақтелеком» АҚ электромонтері Дулат Құрманбеков (62 жас), 3 орынды – Солтүстік Қазақстан облысынан Металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі зауыттың 3 разрядты слесарі Асылтас Кабошева (59 жас) иеленді.

«Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясында – Алматы облысынан келген «Фирма «Бент» ЖШС краншысы Дильфуза Бақытжанова (19 жаста) жеңді. 2 орынды Абай облысынан «Востокцветмет» ЖШС тау-кен шебері Айбар Айдарұлы (26 жас), 3 орынды –Ақмола облысынан «Семізбай» ЖШС 5-разрядты химиялық талдау зертханашысы Аяжан Жамкенова (22 жас) алды.

Салтанатты шара аясында «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Жұмысшы жастар аманаты» жобасының қатысушыларын (10 адам) құрмет грамоталарымен марапаттады.

Соңында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин сондай-ақ жұмысшы кәсіп өкілдеріне мемлекеттік наградалар: «Құрмет» (7 адам), 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері (6 адам), «Ерен еңбегі үшін» медалі (6) және «Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының қайраткері» ( 1 адам) құрметті атағын табыс етті.

Іс-шараға қатысушылар үшін ЕХРО конгресс-орталығының фойесінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүргізілген жұмыстардың қорытындылары таныстырылды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, «ЕРДО» АҚ,  «Парыз» ҰКР, «Аманат» партиясының, «Қазмырыш» АҚ, «ERG» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ және басқалардың экспозицияларымен LED-көрме, сондай-ақ «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздары мен «Жұмысшы жастар аманаты» жобасының қатысушылары бейнеленген фотоинсталляциялар ұйымдастырылды.

  • 24.12.2025
  • 5
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика