• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сауранбаев Н. Е.
Сауранбаев Н. Е.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Көлік саласындағы 2025 жылдың негізгі оқиғалары

2025 жылы еліміздің көлік саласында тұрақты өсім сақталып оң динамика көрсетуде. Мемлекет басшысының тапсырмалары мен саланы дамыту жоспарларына сәйкес транзиттік әлеуетті нығайтуға, логистикалық үдерістерді жетілдіруге және көлік қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.

Автомобиль жолдарын жөндеу және қайта жаңарту

Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары рекордтық 13 мың шақырымды қамтыды. Қалбатау – Майқапшағай, Ұзынағаш – Отар және Қызылорда – Жезқазған (Қызылорда облысы аумағындағы учаске) бағыттарындағы негізгі жобалар толық аяқталды. Сонымен қатар, Жезқазған – Петропавл және Қарағанды – Қарқаралы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында орташа жөндеу жүргізілді.

Қазіргі уақытта Қызылорда – Жезқазған автомобиль жолын қайта жаңғырту (Ұлытау облысы аумағындағы учаске), Ертіс өзені арқылы көпір салу және басқа да ірі жобалар жүзеге асырылуда. Алдағы жылы Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу жалғасын табады.

Теміржол инфрақұрылымын дамыту жобалары

Ұзындығы 836 шақырымды құрайтын Достық – Мойынты теміржол желісінің құрылысы аяқталып, Қазақстан – Қытай бағытының өткізу қабілеті        5 есеге артты. Бұл халықаралық көлік дәліздері арқылы транзиттік жүк тасымалдарының өсуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ ұзындығы 75 шақырымды құрайтын Алматы қаласының айналма теміржол желісі жобасы аяқталуға жақын, бұл транзиттік ағынды қайта бөлуге және қаладағы экологиялық әрі көлік жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

323 шақырымдық Мойынты – Қызылжар жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды, сондай-ақ ұзындығы 157 шақырым Дарбаза – Мақтаарал және 297 шақырымды құрайтын Аягөз – Бақты жобалары жүзеге асырылуда.

Вокзал инфрақұрылымы

Вокзал кешендерін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ел аумағындағы 124 вокзалдың 46-сында құрылыс-монтаж жұмыстары биыл аяқталады.

Су көлігі және логистика

Ақтау портындағы контейнерлік хабтың құрылысы толық аяқталып, жүк өңдеу үдерістері жеделдетіліп, қазақстандық логистиканың халықаралық бағыттардағы бәсекеге қабілеттілігі артты.

Авиация және әуежай инфрақұрылымы

Авиация саласында Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестіктің 95,7 пайызына қол жеткізді. Бұл ТМД және Еуразия өңіріндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Ақтау әуежайында ұшу-қону жолағына, рульдеу жолдарына және перронның бір бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынуда, ал Павлодар, Балқаш және Арқалық әуежайларында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл әуе қатынасының өткізу қабілетін арттырып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Аталған жобалардың барлығы көлік инфрақұрылымын жүйелі дамытуға, елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға және логистика саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған.

  • 25.12.2025
  • 5
Сауранбаев Н. Е.

ҚР Көлік министрі

Сауранбаев Н. Е.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика