• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесті

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысына жұмысы барысында өңір тұрғындарымен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Оған шаруашылықтардың, өңдеу кәсіпорындарының және салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Аталған облыс еліміздің аграрлық саласы бойынша маңызды аймақтардың бірі. Ауыл шаруашылығының өңірлік жалпы өнімге қосқан үлесі 25%-ды құрайды.

Министр атап өткендей, Мемлекет басшысы агросектор алдында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есеге арттыру туралы стратегиялық міндет қойды.

«Осы орайда саланың технологиялық мүмкіндігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда, оның ішінде заманауи агротехнологиялар енгізу, тыңайтқыштар мен сапалы тұқымдар қолдану, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту мақсаттары бар.

Соңғы 10 жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру бірнеше есеге артып, биыл 1 трлн теңгеге жетті. Республика бойынша 8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 502 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында — 646 фермер 83,2 млрд теңге көлемінде қолдауға ие болды.

Үкімет тарапынан әсіресе, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға ерекше көңіл бөлінеді», — деді Айдарбек Сапаров.

Биыл 2025 жылы отандық техникаларды сатып алу үшін жеңілдікпен лизинг бағдарламасы аясында 250 млрд теңге 5% жылдық мөлшерлемемен бөлінді. Бұл машина және трактор паркін 7 мың бірлікке жаңартуға жол ашады.

Ал, Солтүстік Қазақстан облысында 550 бірлік сатып алу үшін 31 млрд теңге қаржы бөлінді.
Агротехнологияны кеңінен енгізу нәтижесінде мемлекетте тәуелсіздік жылдарындағы 27,1 млн тоннадан астам рекордтық астық жиналды, орташа өнімділік гектарына 17 ц. Сондай-ақ, 3 млн гектар дәнді дақылдар, 6,5 млн тонна астық алынды, орташа өнімділік гектарына 21,4 центнерді құрады.

Өңдеу кәсіпорындарын қолдау мақсатында осы жылы айналым қаражатын толықтыруға 5% жылдық мөлшерлемемен 44,3 млрд теңге жеңілдетілген қысқа мерзімді несие қарастырылған. Өңір бойынша 13 жобаға 18,9 млрд теңге қаржы бөлінді.

1 тамыздан бастап мал шаруашылығыа 5% жылдық мөлшерлемемен 50 млрд теңге көлемінде жеке жеңілдетілген несие өнімі іске қосылды.

Мал шаруашылығын кешенді дамыту жоспарын әзірлеу жалғасуда, ол жеңілдетілген кредиттеу көлемін кеңейту, асыл тұқымды мал сатып алу үшін ұзақ мерзімді займдардю енгізу, «Даму» арқылы кредиттерді 80%-ға дейін кепілдендіру механизмін іске қосу, жаңадан қатарға қосылған фермерлерге жер телімдерін беру процедурасын жеңілдету, сондай-ақ сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау бағыттарын күшейтуді көздейді.

Айдарбек Сапаров мемлекеттік қолдау жүйесінде тетіктерді қайта ұйымдастыру жүргізілгенін де атап өтті. Мәселен, фермерлерді тікелей субсидиялаудан техника мен тыңайтқыш өндірушілерді, сондай-ақ су жеткізушілерді субсидиялауға өту жүзеге асырылды. Бұл ашықтықты арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Үлкен инвестициялық жобаларды әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативі(ӘКК) арқылы қаржыландыру жалғасуда. Бағдарлама басталғаннан бері жылына 316 мың тонна сүт өндіруге арналған 50 СТФ іске қосылды. 2025 жылы осы мақсаттарға 200 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 14 жобаға 13,2 млрд теңге қаржы бөлінді.

Кездесу барысында сала өкілдері субсидиялау және мемлекеттік қолдауды жетілдіру шаралары сияқты өзекті мәселелерді алға тартты. Министр барлық ұсыныстар қаралатынын және жұмысқа алынатынын жеткізді.
Кездесу сындарлы жағдайда өтті.

Айдарбек Сапаровтың сөзінше, фермерлермен тікелей диалог саланың сұраныстарына жедел жауап беруге және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал етеді.

Одан әрі министр азаматтарды жеке қабылдау да өткізді.

  • 26.12.2025
  • 4
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика