- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Бизнеске кредит берудегі микроқаржыландырудың рөлі туралы
Бүгінгі таңда микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және кредиттік серіктестіктер (КС) шағын және орта бизнес субъектілерінің (ШОБ) кредиторы түрінде қаржы секторында маңызды орын алады. МҚҰ мен кредиттік серіктестіктердің аумақтарда көп болуы және өңірлерде бизнес жүргізу ерекшелігін түсінудің нәтижесінде олар бизнес субъектілерін қаржы ресурстарына қол жеткізулерін қамтамасыз етуде, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруда, жұмыспен қамтылған халық санының өсуінде және жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті дамытуда маңызды рөл атқарады.
Кредиттік ресурстарды ұсыну жылдамдығы мен жеңілдігі, цифрлық қызмет көрсету технологияларын кең ауқымды пайдалану клиенттерге микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (МҚҚЖҰ) өнімдік желісінің қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бизнесті, әсіресе, шалғай аудандар мен ауылдарда дамыту үшін кредиттік ресурстарға қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеу аясына микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын субъектілер енгізілді.
2020 жылдан бастап КС және ломбардтарға (ЛМД) есептік тіркеу режимі қолданылады (бұрын тек МҚҰ үшін қолданылған) және 2021 жылдан бастап микроқаржы нарығының барлық субъектілері реттеу аясына енгізілді.
Толығырақ: Бизнеске кредит берудегі микроқаржыландырудың рөлі туралы
- 30.12.2025
- 5


