• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЖМ басшысы ТМД елдеріндегі ең биік таулы әмбебап құтқару бөлімшесін ашты

  Алматы қаласында теңіз деңгейінен 2 260 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов ТМД елдерінде сипаттамасы жағынан баламасы жоқ жаңа екі қабатты әмбебап құтқару бөлімшесін ашты.

  Ашылу рәсіміне қала әкімі Дархан Сатыбалды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен шұғыл қызметтердің өкілдері қатысты.

  Нысанның ашылуы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылды, ол туристік инфрақұрылымды дамытқанда азаматтардың қауіпсіздігі басты басымдық болуы керектігін бірнеше мәрте атап өтті.

  «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына күн сайын 15 мыңнан астам демалушы, соның ішінде шетелдік туристер келеді. Жолдардың ұзындығы мен күрделілігі шұғыл әрекет ету кәсіби бөлімшелерінің тұрақты қатысуын қажет етеді.

  Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ТЖМ басшысы тұрақты туризмді дамыту төтенше жағдайларға сенімді әрекет ету жүйесінсіз мүмкін еместігін атап өтті:

  «Шымбұлақ — еліміздегі ең көп адам баратын туристік нысандардың бірі. Біздің міндетіміз — мұнда заманауи техника мен инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кәсіби құтқарушылар, өрт сөндірушілер және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз ету. Азаматтар мен туристердің қауіпсіздігі — біздің жұмысымыздағы басты басымдық», — деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  Жаңа бөлімше тәулік бойы кезекшілікке арналған, өрт сөндірушілерді, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерін және әртүрлі күрделілік санатындағы тау-шаңғы жолдары мен биік таулы жерлерде жұмыс істеуге арнайы дайындықтан өткен құтқарушыларды біріктіреді.

  Жеке құрам заманауи техникамен және құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Оның иелігінде 6 бірлік техника, соның ішінде медициналық көмек көлігі, өрт сөндіру автоцистернасы, құтқару қызметінің көлігі, квадроцикл, қарда жүретін және мото жол талғамайтын көліктер бар.

  Екі қабатты кешенге әкімшілік-тұрмыстық блок, оқу сыныптары, медициналық пункт, қатаң климаттық жағдайларға бейімделген автоматты қақпасы бар үш автокөлікке арналған жылы гараж кіреді.

  Нысан толық автономды болып табылады, өз жылу орталығымен, климатты бақылау жүйелерімен, өрт-қорғау сигнализациясымен және тәулік бойғы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

  Іс-шара аясында министрге жаңа киім-кешектер мен техниканың үлгілері таныстырылып, одан кейін арнайы автокөліктердің кілттері салтанатты түрде тапсырылды, сондай-ақ бөлімшенің құрылысына және жабдықталуына үлес қосқан қызметкерлер мен ұйымдарға алғыс хаттар берілді.

  ТМД елдеріндегі ең биік таулы әмбебап құтқару бөлімшесін құру азаматтық қорғау жүйесін дамытудың маңызды қадамы болып табылады және Қазақстан Республикасының ең танымал тау-шаңғы курорттарының бірінде азаматтар мен туристердің қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырады.

 

 

 

  • 09.01.2026
  • 10
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика