- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі туралы
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «2024 жылғы 31 шілдедегі № 47 қаулыға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі. Аталған қаулымен банктік және микроқаржылық активтерді сату жөніндегі электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру шарттары мен қағидалары бекітілген.
Қаулы жобасы банктік және микроқаржылық қызметтерді сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру рәсімін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуге байланысты әзірленді. Жоба шеңберінде заңға тәуелді актінің нормалары мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді, сондай-ақ қажетті редакциялық және техникалық түзетулер енгізілді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
- 13.01.2026
- 9


